Делегация жұмысы жалғасуда - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1375 Статистика

Делегация жұмысы жалғасуда

Кеше Қазақ ұлттық аграрлық универсиетіне келген Вагенинген университетінің (WUR) (Нидерланды Корольдігі)  делегациясымен жүргізілген жұмыс Агротехнологиялық хаб кешенінде жалғасты. 
Вагенинген университетінің ғалымдары мен ҚазҰАУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы екі университеттің оқу процесстері, агроөнеркәсіптік кешенінің басым бағыттары, нақтырақ айтқанда Plant Sciences (Өсімдіктер туралы ғылым) және Food Technology (Тағам технологиясы) мамандарын  дайындау мүмкіндіктерін саралады. 
 7 наурызға дейін жалғасатын делегация жұмысының бүгінгі күннің еншісінде талқыланған мәселелері жөнінде голландиялық ғалымдарды әңгімеге тарттық. 
 

 
 

Тин ван Бокель,
профессор, Өнім дизайны және сапа басқармасы бөлімінің жетекшісі:

  • Бүгінгі жиында екі университтеттің оқу процесстерімен қатар, екі жақты атқарылатын ғылыми жұмыстар жүргізу жайы да қарастырылды. 

Әлемде топырақтың жағдайы жылдан-жылға өзгеріп барады. Дүниежүзінде Қазақстан территориясы жағынан алдыңғы қатарда. Соған орай, аймақ топырағының құрамы да әртүрлі болып келеді. Бұл жөнінде ғалымдармен, топырақтанушылармен сөйлестік. Бізде дүниежүзі бойынша топырақ мұражайы бар. Топырақтану – ғылымның үлкен саласы. Қазақ ұлттық аграрлық университетімен әріптестік орнату барысында топыраққа қатысты тың нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Өйткені біздің мұражайда Орталық Азия бойынша топырақтың үлгісі жоқ. Сондықтан алдағы уақытта біз ғылымды бірге дамытатын боламыз. Нәтижесінде топырақтың құнарлылығын арттыруға қол жеткізуге болады. 

Біздегі ғылыми-зерттеу орталықтарындағы сандық технологияның озық үлгілер арқылы қоршаған ортаның әсерін, топырақтың қандай жағдайда екендігін біле аласыздар. Осы бағытта сіздерге ғылым-білім тарата отырып, біз өз мұражайымызды жаңалықтармен толықтырамыз. Біздің пофессорлар оқу, ғылыми жағынан жақсы қарым-қатынаста қарайды деп ойлаймын. Бұл қоршаған ортаны сақтауда, ауылшаруашылығын дамытуда өте маңызды. Бәрімізді топырақ біріктіретін болады. 
 

 


Йерун Обург, 

Вагенинген университетінің халықаралық корпоративтік стратегия және есеп бойынша аға саяси кеңесшісі:

 – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми-білім беру франчайзингі трансферті негізінде әлемдік деңгейдегі университет моделін құруды жоспарлауы, оның ішінде Вагенинген университетімен әріптестік орнатуға ниет білдіруі дұрыс таңдау деп ойлаймын. 

Кеше университеттің оқу-ғылыми инфрақұрылымымен таныстық. Ғылыми-зерттеу зертханаларын аралағанда ерекше әсер алдым. Өйткені біздің оқу орнына әлі келмеген соңғы үлгідегі озық құралдарды кездестірдім. Бұл ғылым мен тәжірибеге бетбұрыста өте маңызды. 

Сонымен қатар, тамақ технологиясы бойынша өздерінің ғылымдағы алғашқы қадамдарын жасап, стартап-жобалармен нақты айналысып жатқан студенттердің жұмыстары қатты ұнады. Біздің университетімізде жас ғалымдар тобының арасында бәсекелестік бар. Мұнда да мені жас буынның стартап жобаларын өндіріске енгізіп, нақты нәтижеге қол жеткізуге деген мақсаттары қуантты. Бәсекелестік бар жерде ілгерілеушілік бар.

Әлем ғалымдарының зерттеулері, 2040 жылға қарай халық санының артатынын көрсетіп отыр. Осыған орай, халықты сумен, тамақпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр. Міне, ғылымға бетбұрған жас буынның жасаған жаңалықтарының нәтижесінде осындай әлемдік проблемалар өз шешімін табады деп айтуға болады. 

 

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото:  М.Ботабеков

Читайте также Жаңалықтар мұрағаты