«Біз-Тәуелсіз елдің ертеңі!» атты апталық өткізіледі
18-23 қазан аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында
«Біз-Тәуелсіз елдің ертеңі!» атты апталық өткізіледі. Егемендіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып жатқан апталық 8 кезеңге бөлінген іс-шаралардан тұрады. Атап айтқанда:
- «Тәуелсіздік – ел бақыты!» тақырыбында іс-шаралар шоғыры (тарихи-танымдық кештер, куратор сағаттары, кездесулер және т.б.).
- «Н.Назарбаев білім және ғылым орталығы», «Таза планета», «Рухани жаңғыру» орталықтарына экскурсия ұйымдастыру.
- «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сағаттары» тақырыбында куратор сағаттары.
- «Құқықтық мемлекет. Сенің құқығың мен міндеттерің» тақырыбында Медеу ауданының құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу.
- «Зайырлы мемлекет және дін» – Алматы қаласы Дін істері басқармасы өкілдерінің қатысуымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
- «Отбасы-мемлекеттің іргетасы», «Қыз бала тәрбиесі-ұлт тәрбиесі», «Отбасы құндылықтары және қазіргі жастар» тақырыптарында студенттік үйлерде тұратын білім алушылармен әңгімелесулер.
- «SWEET OCTOBER» - 1-2 курс білім алушылары арасындағы шығармашылық байқау.
- Апталық қорытындысы. Жеңімпаздарды марапаттау.
Апталық мақсаты – студенттер бойында Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеумен қатар, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дарынды студенттерге қолдау көрсету.