Біріккен семинар-презентация өткізілді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #305 Статистика

Біріккен семинар-презентация өткізілді

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.И.Есполов, мырзаның инициативасымен құрылған Мемлекеттік жеке серіктестік «МЖС» атты орталықтың мақсатын іске асыру аясында ҚазҰАУ-тің Агробиология факультеті ғалымдарының «Ғылыми еңбектерінің жетістіктерін ауылшаруашылқ қожалықтарына жеткізу - Интеграциялау»  және ғылыми жұмыстардың нәтижелері бойынша дайындалған «Шаруашылыққа ұсыныстарды»  коммерциялау үшін  2016 жылы 26 қазанда «Агробиология» факультетінің ғалымдары Каскелен қаласында, Алматы  облысының Жамбыл, Талғар, Балхаш аудандарының ауылшаруашылығы бөлімдері мен ауылшаруашылық құрылымдары өкілдерімен  «Global Water & Soil Solutions» ЖШС және «Грин Ланд» Компаниясымен «Табиғатты қорғау және топырақты тұрақтандыру» тақырыбында біріккен семинар-презентация өткізді.

photo
photo
Презентацияға «Агробиология» факультетінің  ғалымдары: Факультет деканы Б.Махамедова, «Агроинновациялар және экология» ғылыми-зерттеу институты директоры Қалдыбаев С.Қ. және кафедра меңгерушілері профессор Сүлейменова Н.Ш., Балғабаев А.М., университеттің Бизнес жобаларды коммерцияландыру бөлімінің  жетекшісі Темірбек С.К. факультет ғалымдары: Атақұлов Т.А., Олейченко С.Н., Кусайынова Г.С., Уразымбетова Қ.Н., т.б. және Алматы облысының Жамбыл ауданынан ауылшаруашылық бөлім басшысы Базарбаев Жанғали, аудан АӨК-нің бас маманы, агроном  Тошыбеков Қайрат, Талғар ауданынан  «МАГ» ЖШС директоры Байменов Қайсар, бас маман, агроном Дүйсенбек Айдана, Іле ауданынның ауылшаруашылық бөлімінің басшысы  Юсупов  Асқар, бас маман Айбасова Ақмарал, Қарасай  ауданының бас маман, инженер-инспекторы Тастемиров Тұрғанбек, және бас маманы Жазылбеков Жанболат қатысты.

photo
photo
Семинар барысында Фертигация жүйесімен  жылыжайда  бір мезгілде сұйық тыңайтқыштарды енгізу арқылы бүрку тәсілімен суғару құрылғысы  презентацияланды. Фертигация  жүйесінің су, топырақ, энергия және адам ресурстарын пайдаланудағы  экологиялық-экономикалық тиімділігі баяндалды. Семинарға қатысушылар «Грин Ланд» Компаниясының жылыжайларын аралап, фертигация тәсілін іс жүзінде қолданумен танысты. Талдау барысында қатысқан өкілдер агрономиялық шаруа қожалықтарына  қызмет көрсетететін ұсыныстар тиімділігін және ол ұсыныстарды шаруашылыққа ендіруге қажетті қаражат көрсеткіштерімен қамтамасыздандыру, бірігіп коммерциализациялық қызмет атқару жоспарланды. Сонымен қатар аталған аудандардағы шаруашылықтар зерттеу базасы ретінде факультеттің студенттерінің, магистранттарының және PhD докторанттарының өндірістік тәжірибе  мен ғылыми зерттеу жұмыстарын  жүргізу үшін келісім шарт жасау қажеттілігі негізделіп,  жоспар құрылды.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты