Бір отбасы ... - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1506 Статистика

Бір отбасы ...

29 сәуір күні Агробиология факультетінде Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға қазақ және орыс тілдер кафедрасының оқытушылары жауапты болды ( қаум.профессор Н.С. Савиц, аға оқытушы Нұрқасымова А.К., аға оқытушы Исмаилова Ш.А., аға оқытушы Ускенбаева К.А.) Іс-шараға барлық факультеттердің студенттері қатысты. Олар көрермендерге Қазақстан халықтарының мәдениеттерінің байлығын көрсететін қызықты музыкалық нөмірлерді ұсынды, Отан тақырыбында өлең оқыды.
 
 
 

Зу-107 тобының студенті Кожаханова Найлидің орындауында «Туған жер» әні шырқалды. «Лезгинка» биін ОЗ-105 тобының студенті Қабдилхайатов Дәулет орындады. Қырғыз тіліндегі өлеңді ОЗ-105 тобының студенті Нұрлыбекқызы Меруерт оқыды. ТППЖ-101 тобының студенті Қайырденов Бекзат Махамбеттің термесін шебер орындап шықты. Өзбек би ырғағын ЛР-101 тобының студенті Күлчимбаева Айжан көрсетті.
 
 

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі Наталья Евгеньевна Савчиц  орыс халқы дәстүрі Пасха туралы әңгімеледі.
Іс-шараға қатысқан барлық студенттер «Менің Отаным» әнін орындады және орыс ұлтының  тағамдарынан дәм татты.
 

 
Қауымдастырылған профессор Савчиц Н.Е.,
аға оқытушы Нуркасымова А.К.,
аға оқытушы Исмаилова Ш.А.,
аға оқытушы Оскенбаева Б.А.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты