Белсенді жастар — болашақ кепілі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #515 Статистика

Белсенді жастар — болашақ кепілі

Бүгінгі күні студенттер білім алумен шектелмей, қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Бұл – тұлға болып қалыптасудың алғашқы баспалдағы. Университет қабырғасындағы алғашқы жылдан-ақ оқуда үздік нәтежие көрсетіп, білім ордасының, жалпы қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқан Бектөре Мансұровты үнемі ізденіс жолында жүретін ХХІ ғасыр студенті деп атасақ қателеспейміз.
«Ветеринария» факультетінің соңғы курсында оқитын Бектөре қоғамдық-бұқаралық, спорттық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысып келеді. Өзінің таңдаған мамандығы бойынша және әлеуметтік-саяси, экономикалық, патриоттық тақырыптағы олимпиада, конференция, семинар және байқауларға үзбей қатысып, өз білімін шыңдап отырады. Соның нәтижесінде Алматы қаласындағы әртүрлі жоғары оқу орындары ұйымдастырған халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  мен байқауларда жүлделі 1,2 орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталып жүр. Сондай-ақ «Алматының үздік студенті-2016»  сертификатының иегері.

фото
фото
фото
Өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2013, 2014, 2015 және 2017 жылы  Алматы қаласында өткен  Халықаралық қайырымдылық марафонына қатысқан. Айта кету керек, осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отырған қайырымдылық марафоны –  қаладағы ең ауқымды шаралардың бірі. Биыл бұл  жарысқа әлемнің 38 елінен 15 мыңға жуық қатысушы тіркелген. Бектөре марафонды 46 минутта бағындырып  қана қоймай, осы шараға ерікті ретінде де атсалысып, арнайы медаль, сертификатпен марапатталды.
Жақын арада университетімізден түлеп ұшқалы отырған Бектөренің келешекте білікті маман ретінде де үлкен белестерден көрінетініне сенім артамыз.

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты