БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЕНГІЗУДЕМІЗ - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2630 Статистика

БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЕНГІЗУДЕМІЗ

Қазақстан халқына Жолдау аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы – халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын кешенді сала екенін атап өтті. Сонымен бірге, еліміздегі бәсекеге қабілетті экспортқа бейімделген агроөнімдердің көлемін арттыруды тапсырды. Ол үшін азық-түлік тауарларының бағасын тиімді белгілеу және тамақ өнімдерін бөліп-тарату орталықтарындағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет.

Азық-түлік бағасын түсірудің төте жолының бірі – олардың сортын жақсартып, өнімділігін арттыру. ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы-ректор, академик Тілектес Есполовтың айтуы бойынша, пандемияның зардабына қарамастан, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті АӨК-пен бірлесіп, өздерінің алға қойған мақсаттары мен бастамаларын жемісті жүзеге асырып келеді.
 

Мысалы, ҚазҰАЗУ-дың Агротехнологиялық паркінде ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының 15 түрі бойынша шетелдік және отандық селекцияның 100-ден астам жоғары өнімді сорттарын зерттеп, заманауи технологиялардың техникалық мүмкіндіктері пысықталуда. Көкөніс шаруашылығы бойынша ғылыми стационар жұмыс істейді, онда картоптың 10 сұрпы мен көкөніс-бақша дақылдарының 25 сұрпы зерттелді. Экологиялық сортты сынау питомнигі салынды, онда картоптың 8 және  қызанақтың 4 жаңа түрі экономикалық және құнды белгілері бойынша бағаланды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі республикалық мемлекеттік комиссияға картоптың, қызанақтың, тәтті бұрыштың, салаттың 5 жаңа сорты берілді. Жаңа селекциялық жетістіктерге патенттер алуға 5 өтінім берілді.

Жеміс және жидек дақылдарының сегіз түрінің 46 сорты отырғызылған Қазақстан-Нидерланды қарқынды бағында барлық агротехникалық іс-шаралар жүргізілді. Биыл алғашқы өнім алынды. Жыл бойы университет ғалымдары голландиялық мамандармен бірлесіп, еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін бау-бақшаның 7 бағыты бойынша 10 вебинар өткізді.

 

Университеттің Агротехнопаркінде 1,5 га алаңда «ақылды» жылыжайдың құрылысы аяқталуға жақын. Өндірістік қуаты – 400-450 тонна көкөніс пен жидек.

Университет ҚР АШМ он ғылыми-зерттеу институтымен және «Байсерке-Агро» агрохолдингімен үш жақты шарт негізінде аграрлық білім беруді, ғылымды және өндірісті интеграциялау шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізуде. Өткен оқу жылында 700-ден астам білім алушы 7 айға дейінгі мерзімге практиканың барлық түрлерінен өтті.

«Байсерке-Агро» агрохолдингіндегі ауданы 650 га болатын демонстрациялық алаңда бір гектардан 648 центнер күздік тритикале, 676 центнер күздік рапс, 620 центнер аралас егілген бұршақ пен сұлы және т.б. жасыл м
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты