Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалық Қазақстан Республикасына берілді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2633 Статистика

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалық Қазақстан Республикасына берілді

Нұр-Сұлтан қаласында  Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) ІV Бас Ассамблеясының отырысы болып өтті. Іс-шара онлайн форматта «Ислам әріптестік ұйымының пост-пандемиялық әлемдегі азық-түлік жүйесі» тақырыбында өрбіді.

Әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жаһандық проблема болып табылады. Оны шешуде АҚИҰ-ның рөлі даусыз, ол сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму және ауыл шаруашылығы өндірісіне, сондай-ақ саудаға, ғылым мен технологияларға байланысты инвестицияларды жүйелі ілгерілету арқылы мүше елдерде тұрақты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
Соңғы жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің АҚИҰ-мен ынтымақтастығы дамудың жаңа серпініне ие болды. Университет Ислам Ұйымының 16 жобасына белсенді қатысады: генетикалық ресурстардың ұлттық банктерін дамыту; ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын басқару; азық-түлік қауіпсіздігі қоры және басқалар.

Жоғары оқу орнына Бас директор Ерлан Байдәулет бастаған АҚИҰ өкілдері, Алматыдағы Ислам Даму Банкі өңірлік хабының басшысы Ибрахим Али Шукри, Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев және басқалар жұмыс сапарымен бірнеше рет келді.
 


Университет базасында «Халал тамақ қауіпсіздігі – "генетикалық деңгейдегі зерттеулерден дайын өнімге дейін" - сарапшылардың шолуы» сараптамалық кеңесінің отырысы өтті. Халал тамақ өнімдерін басқару, өндіру, сақтау, ілгерілету, сондай-ақ олардың экспорты бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Шілде айында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Тілектес Есполов АҚИҰ делегациясы құрамында Катар Мемлекетіне жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапардың мақсаты-агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен ғылыми-инвестициялық жобаларды нақты пысықтау. Кездесу қорытындысы бойынша білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Катар университетінің президенті доктор Хассан Рашид Әл-Дерхам жақын арада Қазақстанға және университетке ресми сапармен келіп, оның барысында жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылады.

Қыркүйек айының басында университетте "АҚИҰ мүшелері  Африка мен ТМД елдеріне арналған су хабының тәжірибесі мен технологиялары" халықаралық конференциясы өтті. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша азық-түлік және су қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының мүдделі мүшелеріне жолданған ұсынымдар әзірленді.

Сондай-ақ, жоғары оқу орнындағы Су хабының қызметін кеңейту туралы шешім қабылданды, ол су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ елдер арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту үшін су ресурстарын тұрақты басқару саласында озық тәжірибемен алмасу орталығына айналады.

Ассамблеяда Түркияның ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы министрінің орынбасары  Айше Айшин Ишикгедже ханым ұйымға бір жыл мерзімге төрағалықты Қазақстан Республикасына берді.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директоры Ерлан Байдәулет Түрік Республикасына бір жыл бойы ұйымды басқарып, қолдау көрсеткені үшін, Қазақстанға аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Қазақстанның АҚИҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы болуы біз үшін үлкен мәртебе. Университет өз тарапынан белгіленген жоспарлар мен бағдарламаларды сәтті жүзеге асыру үшін бар күшін салады.
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты