Азия Даму Банкі сарапшылары ҚазҰАУ-да - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #303 Статистика

Азия Даму Банкі сарапшылары ҚазҰАУ-да

Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Қазақстандағы Азия даму банкінің Тұрақты өкілі  Джованни Капаннелли мен Азия даму банкінің сарапшылары келді. Капаннелли мырза ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Исабайұлымен әңгіме барысында 10 жыл көлемінде АДБ мен ҚР ынтымақтастығы арасында соңғы жылдары екі салаға, атап айтқанда шағын және орта бизнес пен жол салаларына басты назар аударылып жатқанын мәлімдеді. Келесі жылдан бастап Азия даму банкінің жаңа стратегиясын дамыту басталады. АДБ аймақтардағы жұмыстары мына салалар бойынша жүргізіледі, олар: ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, су ресурстарын басқару және білім беру. Осы жоба аясында инфраструктураны модеринизациялау,  өз бизнестерін дамыту және қажетті сапалы қызмет көрсетушілерді қаржыландырады. АДБ миссиясының басшысы, Экономикалық зерттеулер және аймақтық ынтымақтастық департаментінің директоры Эдимон Гинтинг мырза , өз сөзінде АДБ дамыту және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі басым бағыттарын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы елдің диагностикалық  зерттеуін жүргізеді деп атап өтті.




photo
Сарапшылар сондай-ақ университетпен бірге фермерлерге қызмет көрсету ауқымын дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген ұсыныстар жөніндегі  бірқатар мәселелер қызықтырды. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры аграрлық бейіндегі жетекші оқу орны ретінде оның қызметі еліміздің ауыл шаруашылығының дамуына бағытталғанын айтты. Осыған ауыл шаруашылығы барлық салаларын жетілдіру бойынша университеттің ғалымдары  жоғары органдарға ұсыныстар әзірлеп жібереді. Университеттің басшылығы оқу орнында ауыл шаруашылығына қатысты барлық салалар бойынша сарапшылар жұмыс істейтінін, сондықтан Азия даму банкімен кең көлемде ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін мәлімдеді. Кездесу соңында Капаннелли мырза мен сарапшылар Университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін көрсететін  зертханалары мен инновациялық орталықтарын аралап агротехнологиялық хаб қызметімен танысты.


ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,

Суреттерді түсірген М.Ботабеков

Читайте также Жаңалықтар мұрағаты