АТУ-інде өткен Х Республикалық пәндік олимпиадаға ҚазҰАУ-нің қатысуы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #912 Статистика

АТУ-інде өткен Х Республикалық пәндік олимпиадаға ҚазҰАУ-нің қатысуы

2018 жылдың сәуір айының 12 және 13 жұлдыздарында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аумағында Алматы технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің «5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» және «5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша Х Республикалық пәндік олимпиадасы (РПО) өтті.
Олимпиада мақсаты: студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, аса талантты және дарынды студенттерді қолдау; студенттердің интеллектуалды потенциалының қалыптасуына ықпал ету; студенттерді заманауи ғылыми мәселелерді шешуге араластыру; олардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын дамыту.

photo
photo    

РПО-ға Қазақстанның барлық региондарының 10 жоғары оқу орнынан командалар қатысты. Олар: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті атынан «5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша команда (жетекшісі – «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры Тимурбекова Айгуль Кулахметовна) және «5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша команда (жетекшісі – «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы Алмаганбетова Айгуль Турмахановна) қатысуға арыз берген болатын.  

photo
photo
photo
Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздар мен марапат иелерін анықтау мақсатында бекітілген конкурстық тапсырма бойынша командалардың тікелей қатысуымен үш тур бойынша («Компьютерлік тестілеу», «Рефераттарды презентациялау және қорғау» және «Зертханалық-тәжірибелік») жүргізілді.
Х Республикалық пәндік олимпиадасының нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінің командалары «5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» және «5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша командалық біріншіліктің жеңімпазы атанды. «5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы II орын иеленді және АТУ-нің II дәрежелі дипломымен марапатталды. «5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы III орын иеленді және АТУ-нің III дәрежелі дипломымен марапатталды. Сонымен қатар екі команда да бағалы сыйлықтар, ал команда жетекшілері – алғыс хат алды.
Жеке біріншіліктің жеңімпаздары болғандар: Сәрсенбай Нұргүл Серікқызы («5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының III курс студенті) және Бәкір Ақбілек Мұxитқызы («5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының III курс студенті). Аталған студенттер конкурстық комиссия шешімімен ҚР БжҒМ III дәрежелі дипломдарымен марапатталынуға ұсынылды.

photo
photo
Алматы технологиялық университеті ректоры Т.Қ. Құлажановтың атынан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.И. Есполовқа жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ІХ Республикалық пәндік олимпиадасына «5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» және «5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша белсенді қатысқан командалары үшін алғыс хат жолданды.
Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдаланып айта кету орынды, ҚазҰАУ-нің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры Оспанов Әбдіманап Әбубәкірұлының жетекшілігімен «5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының II курс студенті Сағынова Арайлым Ғабитқызы дайындаған «Дайындық дәрежесі жоғары көп дәнді өнімдерді өндіру технологиясы» тақырыптағы ғылыми жұмыс студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауына қатысты және АТУ конкурстық комиссиясының ағымдағы жылдың 2 сәуіріндегі шешімімен ҚР БжҒМ III дәрежелі дипломына ұсынылды.
Біз жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және олардың бәріне табыс тілейміз!
 
 
Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі»
кафедрасының ассистенті Сансызбаева Б.Қ.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты