Әскери кафедраның сабақтары - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1449 Статистика

Әскери кафедраның сабақтары

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының негізінде 2018 жылдың қыркүйегінен бастап университеттің әскери кафедрасы «Инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелер мен бөлімдерді жауынгерлік қолдану» әскери мамандығы бойынша офицерлерді даярлауға кірісті.
 
 
 

2019 жылдың 11 сәуірінде Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында «Инженерлік қару-жарақ машиналары» және «Арнайы дайындық» пәндерінен сабақтар жүргізілді. Студенттер Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің инженерлік жабдықтарымен танысты. Сабақ барысында студенттер инженерлік техникаларды жасырумен айналысты және ағаш кескіш жабдықтың жұмысын көрді.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты