Аргентина делегациясымен арнайы кездесу - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1572 Статистика

Аргентина делегациясымен арнайы кездесу

2019 жылдың 18 шілдесінде ҚазҰАУ өкілдері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен құрамында РФ-дағы Аргентина Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рикардо Эрнесто Лагорио, Ауыл шаруашылығы технологиялары ұлттық институтының (INTA). Президенті Хуан Игнасио Бальбин, Аргентинаның Денсаулық сақтау және аграрлық азық-түлік сапасы ұлттық қызметінің Президенті (SENASA) Рикардо Луис Негри болған делегациямен кездесуге қатысты.


Кездесу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.К.Омаров Аргентинаның Ауыл шаруашылығы технологиялары ұлттық институты мен «Ұлттық аграрлық ғылым-білім орталығы» КеАҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында ҚазҰАУ әкімшілік жетекшісі М.А.Алексеева және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры С.Т.Садиев INTA және SENASA жетекшілерімен өсімдік шаруашылығы, өсімдік қорғау, мал шаруашылығы, геномды реттеу, тағам қауіпсіздігі және т.б. мәселелер жөнінде кадрлар дайындау және қайта дайындау жөнінде, сонымен қатар, жаңа білім мен инновациялық технологияларға көшу, бірлескен ғылыми жобалар жасау жайлы бірқатар мәселелерді талқылады.


Атап өтерлігі, 2010 жылдан бері ҚазҰАУ ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану барысында және даму барысының алғашқы кезеңдерінде осы Аргентина, атап айтқанда INTA тәжірибесіне сүйенген болатын.
Анықтама: Бүгінде Аргентина әлемнің дамыған аграрлық елдерінің қатарына кіреді және агроөндірістік тауарлар мен тамақ өнімдерін өндіруде әлемдік өндіруші болып табылады. Аргентинаның ауыл шаруашылығы ауқымды әрі сан салалы. 40 млн. жуық халқы бар Аргентина 40 млн. адам үшін ауылшаруашылығы өнімдерін өндіреді, сондай-ақ әрбір аргентиналық планетаның 10 адамын тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.   
Бүгінде Аргентина Ауыл шаруашылығы технологиялары ұлттық институтының (INTA) қатысуымен жаңа озық технологияларды өндіріске енгізе отырып, аграрлық ғылымның жетістіктерімен халықаралық нарықта алдыңғы қатардан көрінді.


INTA Аргентинаның жер, мал, балық және тамақ Министрлігіне бағынатын және ұжымдық және қаржылық тәуелсіздікке ие мемлекеттік орталықтандырылған мекеме. INTA 1956 жылы ғылыми зерттеулерді дамытуды ынталандыру және ауыл шаруашылығы қызметін кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қарқындату, жетілдіру және жалпы ауыл өмірін жақсарту мақсатында құрылған.
Оның құрамына 15 өңірлік орталық, 4 іргелі зерттеулер институты, 15 ғылыми-зерттеу институты, 47 тәжірибелік-эксперименттік станция және 320-ден астам білім тарату орталығы кіреді. Әрбір тәжірибелік-эксперименттік станцияда 50-ден 300-ге дейін адам жұмыс істейді.  
Нақты жер шаруашылығ, нөлдік технология (no-till), полиэтиленді қалташаларда астықты сақтау, гербицидтерді қабылдау жүйесіндегі озық жобалалары арқасында INTA АӨК тауарөндірушілерінің арасында ғана емес әлем елдері арасында үлкен беделге ие. Шаруашылықтарға кез-келген жаңа технологияның енгізу барысында фермерлер үшін жаңа ИНТА-ның кеңесі өте маңызды. Жаңа агротехнологияларды қолдану есебінен Аргентинаға соңғы 10 жылда астық шығымдылығын 2 есеге арттыруға қол жеткізілді. Елдің барлық экспортында ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау 55 пайызға дейін артты. 


Ұлттық денсаулық сақтау және аграрлық азық-түлік сапасы қызметі (SENASA) негізінен жануардан және өсімдіктерден алынатын өнімдер мен жанама өнімдерді, олардың қалдықтары - агрохимикаттарды, сондай-ақ жануарлар ауруларын алдын ала өсірумен , жоюмен және бақылаумен , оның ішінде елде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге әсер ететін адамға берілетін өсімдіктер зиянкестері мен зиянкестерін инспекциялаумен және сертификаттаумен айналысатын мемлекеттік медициналық мекеме болып табылады.

 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты