Ара шаруашылығына арналған кездесу - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1238 Статистика

Ара шаруашылығына арналған кездесу

         Жуырда университеттің «Технология және биоресурстар» факультетінде ҚР ветеринарлық қызмет мамандары және ара шаруашылығы ғалымдарымен кездесу өтті.
Университетр ғалымдары «Ара аурулары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы бойынша білім бағдарламасын жасады. Негізгі мәселелер – профилактика, емдеу, ара ауруларының негізгі диагностикасы қарастырылды. Бағдарлама аграрлық сектор мамандарына, мемлекеттік қызметкерлер мен облыстық басқару департаменттері, аудандық әкімшілік жұмысшылары мен жетекшілеріне, ветеринарлық қызмет қызметкерлеріне арналған.
Бағдарламаны жасаушылар ветеринарлық факультеттің тәжірибесі мол мамандары. Ұйымдастырушылар «Технология және биоресурстар» факультеті, «Ара шаруашылығы, құс шаруашылығы және балық шаруашылығы» кафедрасының мамандары.
 
photo   photo

Бағдарламаның жетекшілері: Биол., ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Лукбанов В.М., вет. Ғылымдарының докторы, доцент Умитжанов М.У., а.шар. ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нуралиева У.А., «Алматы облыстық ара шаруашылығының әуесқойлары қауымдастығының» төрағасы Шикунува Л.В. және тех. редактор, цифровизатор, ғылым магистрі Сафарова Н.С. 2018 жылы ақпанның басында Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форумы өткені белгілі. Онда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары, ақпараттық технология саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар, отандық және шетелдік корпорациялардың және бизнес қоғамдастықтың өкілдері экономиканы цифрлық жүйеге көшіру бойынша әріптестік мәселелерін талқылады.
Осыған байланысты курста ветеринарлық тәжірибеге сандық технологияларды енгізудің тиімділігін көрсету мүмкіндіктері болды.

photo
Осы негізде Қазақстан Республикасында емдейтін аралардың инфекциялық және инвазиондық аурулары бойынша заманауи эпизоотикалық жағдай көрінеді. Қатысушылар инфекциялық және инвазиондық аурулар диангостикалық әдістерін зертханалық жағдайда меңгеруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар аурудық негізгі белгілерін анықтауда және алдағы уақытта профилактика және емдеу әрекеттері бойынша мобильді және онлайн қызметтерді пайдалануды үйренуге қол жеткізді.

 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты