"Қазақ қыздарының сұлулығы қос бұрымында" - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #435 Статистика

"Қазақ қыздарының сұлулығы қос бұрымында"

«Технология және биоресурстар» факультетінде ақпан айының 2-ші жұлдызында «Ерке» қыздар клубы құрылды. Клубтың төрайымы 4-курс студенті Амирова Гулнара, орынбасары Мәдәлі Тоғжан және де факультеттің 30-ға жуық қыздар мүшесі болып табылады. Клубтың негізгі мақсаты: қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірді отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, инабатты, тәрбиелі ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және университет білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын қыздар ортасын құру.

photo
photo
Клубтың алғашқы іс шарасы ақпан айының 17-ші жұлдызында өткізілді. «Қыз қылығымен көрікті» атты пікір-талас қыздардың қызығушылығын туғызды. Ал, ақпан айының 24 күні факультет қауымына көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында «Көтеріңкі көңіл күй – «Ерке» қыздарымен» атты тренинг өтті.

photo
photo
Наурыз айының 12-ші жұлдызында «Шашбаулым» атты шебер сынып өткізілді. Шебер сыныптың мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық дәріптеу арқылы жан - жақты ұлттық қасиеттерімен бірге ұлттық шаш өру үлгілерін таныта білу, қыздарға шашқа дұрыс  күтім жасаудың жолдарын үйрету. Шебер сыныптың негізгі қонақтары Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Сманов Әшірәлі, тәрбие бөлімінің маманы Дабылтаева Мақпал, «Технология және биоресурстар» факультеттің тәрбие-ісі жөніндегі декан орынбасары Гүлзат Ғабитқызы, оқу-ісі жөніндегі орынбасары Серғали Мейманқұлұлы және факультет оқытушылары қатысып, соңында клуб жайлы өз пікірлерін айтты.

photo
photo
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты