"ЭЛИТА" САНАТЫНДАҒЫ ТЕРЕКТІҢ ЖАҢА КӨШЕТТЕРІ - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2623 Статистика

"ЭЛИТА" САНАТЫНДАҒЫ ТЕРЕКТІҢ ЖАҢА КӨШЕТТЕРІ

Қазақстан ағаш-тоғайы аз ел қатарына саналатындықтан, орман өсіру және орманды қалпына келтіру, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру, орман тұқымдарының өнеркәсіптік плантацияларына арналған тез өсетін көшеттік түрлерін отырғызу материалын өндіру өте маңызды.

Ең танымал өсімдіктердің бірі – терек, ол өте тез өседі және ауаны тазартуда тиімді. Табиғатта теректің кем дегенде 90 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда терек негізінен тұқыммен таралады, алайда тұқымның көбеюімен алынған ұрпақ ата-аналық белгілердің бөлінуіне байланысты өте гетерогенді болады. Тұқымның көбеюі көбінесе селекциялық жұмыстарда қажетті белгілері бар ерекшеліктерімен таңдап алынады.

Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚазҰАЗУ Өсімдіктердің микроклональды көбеюі зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Тимур Турдиевтің айтуынша, терек тұқымын жаппай таратудың ең көп таралған әдісі – шыбықтарын кесу арқылы. Алайда, бұл әдістің бірқатар кемшіліктері бар, атап айтқанда: донорлық өсімдіктің жасы сәйкес келмеуі мүмкін, оның шамадан тыс мүжілуі кескенде қиындық туғызады, инфекциялардың жиналуы мен берілуіне байланысты стандартты отырғызу материалын алу қиындығы туындайды және қол еңбегінің үлкен шығындары қосылады. Ең үлкен кемшілігі – теректің барлық гибридті формалары осы әдіспен көбейе бермейді, ал турангиялық теректер шыбықты кесу арқылы мүлдем көбеймейді.

Ең тиімдісі – in vitro жағдайында (пробиркада) клондық микропроцессорлық биотехнологияны қолдану. Бұл инновациялық технология көбейтіп өсірудің дәстүрлі тәсілдеріне қарағанда, бірқатар күмәнсіз артықшылықтарға ие: генетикалық біртекті отырғызу материалын алу; вирустық және бактериялық инфекциялардан сауықтыру; өсімдіктердің қиын көбейтілетін түрлерін, сорттары мен будандарын клондау; көбеюдің жоғары коэффициенті (1:100); көбею алаңын үнемдеу; жыл мезгіліне қарамастан көбею мүмкіндігінің болуы. Мұндай зерттеулер әсіресе дәстүрлі кесу әдістерімен таралмайтын турангиялық теректерді өсіру және кһбейту үшін өте маңызды.
 

Біздің ҚазҰАЗУ ғалымдары өндірген терек көшеттері "Элита" санатына жатады, қазақстандық селекционерлер құрған және Республикалық орман селекциялық орталығының питомнигінде тез өсетін будандарды (2/67, 1/86, №39 және «Превосходный» /  «Тамаша» буданы) биотехнологиялық микроклональды көбеюі әдісімен алынған. Көшеттер нарығында теректің мұндай жаңа түрінің аналогтары жоқ.

Біз өндіретін микроклональды көбеюі әдісімен алынған турангалық көшеттердің бағалы шаруашылық және биологиялық белгілері сақталған артықшылықтары бар: биіктігі 10-16 м, жайылмалы, шар тәріздес тәжді желекті, тұздану мен құрғақшылыққа төзімді, құмды топырақтарда өсуге қабілетті.

Алуан жапырақты туранга (Populus diversifolia) Орталық Азияның эндемикалық ағаш өсімдігі болып табылады, таралымдары шағын, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өседі. Туранга көшеттерін өндірушілер де әлемде әлі байқалған жоқ.

Жақында бізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Ілияс Буларов болып, өсімдіктердің микроканалды көбеюі зертханасының қызметімен танысты. Депутат 90 жылдық тарихы бар университеттегі теректің жаңа түрін көріп, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының қатарында болып жатқан заманауи технологияларды, жаңалықтар мен өзгерістермен танысып, өз ризашылығын білдірді. Ғылымдағы бұл жаңалықтар мен бірегей қадамдар бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылығы саласына, экологияға үлкен көмек көрсететінін атап өтті.
 

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі.
Фото: М.Ботабеков.
 
  
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты