"Болашақтың ғалымдары" атты студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық байқауы жеңімпазы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1540 Статистика

"Болашақтың ғалымдары" атты студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық байқауы жеңімпазы

Ағымдағы жылы он бірінші рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша "Болашақтың ғалымдары" атты студенттердің үздік ғылыми жұмысына байқау жариялады.
 

Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын студент жастардың олардың кәсіби дамуының барысында ынталандыру және қолдау, сонымен қатар студенттердің шығармашылық мүмкіндіктері мен ғылыми потенциалдарын ашу үшін ұйымдастырушылық жағдай жасау, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда жоғары оқу орындарын ынталандыру, Қазақстандағы жастар ғылымын әрі қарай дамыту.
Жыл сайын байқаудың ауқымы кеңейюде. Биылғы жылы елдің 31 жоғары оқу орнынан 237 бакалавриат және магистратура студенттері зерттеу жұмыстарын жіберді. Олар бас-аяғы 231 зерттеу жобасын ұсынды, оның ішінде 13 – жеке және 218 ұжымдық жұмыстар.
Конкурс жеңімпаздары, үздік ғылыми жұмыстардың авторлары болып Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20 студент аталды. Олардың қатарында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" мамандығының студенті Әлинұр Айдана бар. Оның профессор Қожахметов Марат Кәрібайұлы және аға оқытушы Алмағанбетова Айгүл Тұрмаханқызының басшылығымен орындаған "Металдар нанобөліктері және өсімдіктердің биологиялық белсенділігі" атты тақырыптағы ғылыми жұмысы ең мықты жұмыстардың бірі деп танылды.
27 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Болашақ ғалымдары" атты студенттердің үздік ғылыми жұмысының республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздарға медаль мен дипломдар, ал олардың ғылыми жетекшілеріне – алғыс хаттары табыс етілді.
Жеңімпаздарға марапаттарды Тұңғыш Президенті қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров, ҚазҰУ әлеуметтік дамыту жөніндегі проректоры, әлеуметтік ғылымдары докторы, профессор, ғылым жөніндегі жоба менеджері Шолпан Жаманбалаева, қордың жанындағы ғылыми Кеңес төрайымы, Қазақстан Әлеуметтанушылар академиясының академигі, Гүлмира Әбдірайымова және Орталық Азияда жақандық денсаулық зерттеу орталығының, Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс магистрі Гүлнәр Жакуповалар табыстады.
Олар байқауға ұсынылған жұмыстардың өңірлік және республикалық шегарада өзекті екендігін атап өтті. Жас ғалымдар мен зерттеушілердің жобалары нақты ғылыми-практикалық мәселелерді шешуге бағытталғанын айтты.
"Болашақтың ғалымдары" атты студенттердің үздік ғылыми жұмысына республикалық байқауы жеңімпазы Әлинұр Айдананы, сонымен қатар оның жетекшілерін Қожахметов Марат Кәрібайұлын және Алмағанбетова Айгүл Тұрмаханқызын құттықтаймыз және оларға одан әрі шығармашылық табыстар тілейміз!
 
 
"Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі"
кафедрасының профессоры Тимурбекова Айгуль Кулахметовна
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты