АҚИҰ (IOFS) ФОРУМЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2615 Статистика

АҚИҰ (IOFS) ФОРУМЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ

Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) бірлесіп ұйымдастыруымен, Чад, Мали, Нигер, Мавритания, Буркина-Фасо, Сенегал, Бенин, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Әзірбайжан сияқты Батыс Африка мен Орталық Азиядан осы ұйымға мүше елдерге арналған "Water Hub" аясында қарқынды оқыту Бағдарламасы екінші күні ҚазҰАЗУ демонстрациялық алаңында жалғасты.

Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Есенбай Исламов қонақтарға тәжірибе алаңын таныстыра келіп, университеттегі соңғы жылдары болып жатқан тың өзгерістермен таныстырып, университеттің халықаралық қауымдастыққа танымал ғылыми-техникалық қуаты мол екендігін атап өтті.
 

«Тәжірибе алмасу және кадрлар даярлау үшін Dutch Fruit Solutions Kazakhstan (Нидерланды) компаниясымен бірлесіп, 2020 жылы 1,5 га алаңда жеміс және жидек дақылдарының неғұрлым сұранысқа ие сұрыптарын іріктей отырып, Қазақстан-Нидерланд "Интенсивті бақ" орталығы құрылды. Бұл Орталық жеміс шаруашылығын дамыту саласындағы қазіргі заманғы инновацияларды көрсету алаңы ретінде қызмет етеді», - деп атап өтті проректор Е.Исламов.

Интенсивті бақта «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», «Өсімдіктерді қорғау және карантин», «Агрономия», «Су ресурстары және мелиорация» бағыттары бойынша магистранттар мен докторанттар үшін нағыз эксперименттік базаға айналғанын атай кеткен орынды.
 
 

Көшпелі жиында Қырғызстанның ирригация жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының басшысы,Дамира Сыдықова, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының мүшесі Нұрзода Наза,  Тәжікстан Су ресурстары және энергетика министрлігінен Гул Шарифов, Әзірбайжан Ауыл шаруашылығы министрлігінен Сима Маммадова және ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері өз пікірлерін білдірді.

Бұдан кейін форумға қатысушылар "Агроуниверситет" оқу-тәжірибелік шаруашылығындағы Корея Республикасының инновациялық "Ақылды жылыжай" құрылысымен танысты.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты