Абай әлемі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1921 Статистика

Абай әлемі

19.02.2020 күні «ІТ-технологиялар, автоматтандыру және АӨК-н механизациялау» факультетінің «IT-технологиялар және автоматтандыру» кафедрасында тәрбие жоспарына сәйкес, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай-дана, Абай-дара» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау, студенттерге адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
 

Іс-шараның қадірлі қонағы болып белгілі математик абайтанушы Майкотов Нұрдаулет Рахымжанұлы, факультет деканы Абдильдин Нұрлан Кеңесбекұлы, Ахметов Құлмағамбет Ахметұлы қатысты. Қазақ халқының санасын серпілткен ұлы ақын Абайдың қара өлеңдері мен қара сөздерін тыңдаушылар тамаша мәнермен жатқа оқып, әсем әндерін шырқады.

Студенттердің дайындаған «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» жайындағы деректі фильм тыңдаушылардың Абайды тереңнен тануына ықпал етіп, шығармаларын білуге үлкен роль атқарды. Абай танушы Майкотов Нұрдаулет Рахымжанұлының  Абай  туралы айтқан әсерлі әңгімелері мен оқыған өлеңдері жастардың жүрегіне жігер беріп, саналарына нәр сепкендей болды.


«IT-технологиялар және автоматтандыру» кафедрасы
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты