#Abai175KazNAU - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1950 Статистика

#Abai175KazNAU

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығына сәйкес 2020 жылы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтеді. 
Бұл мерейтой егемен еліміздің еңсесін көтеріп, ұлттық сананы оятуға зор үлес қосады. Сондай-ақ, Абай атамыздың даналық сөздері күні бүгінге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. 
Осыған орай, Технология және биоресурстар факультетінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Н.О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия, тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі және «ара, құс және балық шаруашылығы» кафедралары бірігіп, «Абай өлеңдерін оқу» атты видео челленджді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің факультеттеріне жолдайды! 

Видеоны арнайы #Abai175KazNAU хэштэгпен белгілеп қойыңыздар!

Google disk
https://drive.google.com/file/d/1aZtB9d4LvlKozZSmMJJvkbHhQEalHe-0/view?usp=drivesdk

Youtube link:
https://www.youtube.com/watch?v=dDrrpPi9oxU
 

Видео-монтаж
Физиология, морфология и биохимия
им. Н. О. Базановой
кафедрасының
ассистенті
Өтебаев Жасулан
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты