1986 жылғы түлектердің кездесуі сәтті өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2572 Статистика

1986 жылғы түлектердің кездесуі сәтті өтті

2021 жылдың 4 шілдеснде университетімізде Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының "Машина жөндеуді ұйымдастыру және технологиясы" факультетінің 1986 түлектерінің мерейтойлық кездесуі өтті.

Мерейтойлық-35 жылдық кездесуге 30 түлек өздеріне білім берген осынау оқу ордасына сағыныштарын ала келді. Сонымен қатар кездесуге ректорат, ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенді механизациялау факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар өкілдері қатысты.

Түлектердің кездесуінің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы- Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Т.И. Есполов біздің түлектер заманауи ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайында ауыл шаруашылығы техникасын өндірістік пайдалануды, оған техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруда өзін жоғары білікті инженер-механик ретінде дәлелдей алғанын атап өтті.  Ол бірінші курстан бастап топтың кураторы болғанын, олардың әрқайсысымен әлі де байланыста екенін атап өтті.   Біз түлектеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз: Т. С. Ракымбекова, К. А. Омарова, Б. И. Байтаева және басқалар елмізде ауыл шаруашылығы өндірісн ұйымдастыруда, жалпы аграрлық саланың дамуына ерекше үлес қоса білді.  Сіздерді бүгінгі таңда біздің студенттерге үлгі ретнде әрдайым айтып келеміз. Түлектерге еліміздің даму жолында еңбектеріне табыс тіледі.
 

"Аграрлық техника және технология" кафедрасының меңгерушісі С.Бекбосынов қатысушыларды ІТ-технологиялар, аватизациялау және агроөнеркәсіптік кешенді механизациялау факультетінің бүгінгі мен келешек даму перспективасымен таныстырды.  Мұнда  дамуымыздың негізгі факторы факультетте құрылып отырған Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы болып табылады. Оның мақсаты мен міндеттері студенттерді заманауи технологиялар, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі техникалық құралдар негізінде оқыту және Қазақстан жағдайында шетелдік техниканың бейімделуін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Орталықтың қызметін іске асыру жолында нақты жетістіктерге жетіп отырмыз.

Түлектер атынан Қ.А. Омаров пен Ш. К. Тойболдин сөз сөйлеп, өздерінің маман ретінде қалыптасуында және қызметте өсуіндегі ерекше орны барн оқытушыларды еске алды. Мәселен, Тлектес Исабайұлының куратор ретінде ерекше қамқорлығының нәтижесінде үлгерімі жоғары студент болуымызға, кейінгі жылдары мықты маман болуымызға ықпал еткендігін атады, ұстаз-тәрбиешіге алғыс білдірді.
 

Кездесуді қорытындылай келе, кездесуге келген біздің түлектер жаңа білім беру бағдарламаларын жаңартуға және құруға, оқу және зерттеу зертханаларында жаңа жұмыс орындарын құруға, түлектердің өндірістік тәжірибелері мен оларды шақыруға жұмыс орнын ұйымдастыруға белсенді қатысатындықтарын көрсетті. Ал а ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенді механизациялау факультетінің ұжымы агроинженерия саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау ісін жетілдіру бойынша біздің түлектермен жаңа кездесулер мен бірлескен жұмыстарға әрқашан дайын екендіктерін атады.    
 
 
Орындаушылар: «IT-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау»
факультетінің деканы Абдильдин Нұрлан Кеңесбекұлы., тәрбие-ісі жөніндегі декан орынбасары Даулетова Ж.И.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты