«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы


Событие #223 Статистика

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы

      Бизнес жобаларды коммерцияландыру бөлімі жоғары оқу орындарының Технологияларды коммерцияландыру офистері арасында «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитеті жариялаған конкурсқа қатысып, грантты иеленді. Қазіргі кезде аталған жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Аталған жоба шеңберінде ТТО/ТКО қызметкерлерін және ғылыми – технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша ғалымдарды ағылшын тіліне оқыту қарастырылған. Жобаға қатысуға ниет білдіруші ғалымдарды төменде берілген ақпаратпен танысуды сұраймыз. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін ғалымдар алдын – ала ағылшын тілінен тест тапсырады. Толық ақпаратты
Бизнес жобаларды коммерцияландыру бөлімінен (№1 корпус, 31-каб.) немесе 262-09-32 телефон номері бойынша ала аласыздар.
Қатысуға өтініш беру мерзімі ағымдағы жылдың 05 қыркүйегіне дейін.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты