Ernst Machh бүкіл әлем бойынша стипендиялар конкурсына қатысуға өтініштер қабылданады:
Ernst Machh бүкіл әлем бойынша стипендиялар конкурсына қатысуға өтініштер қабылданады: Қазақстанды қоса алғанда, бүкіл әлем жас ғалымдары (магистратура түлектері, докторанттар және ғылым докторлары) Ernst Machh бағдарламасы бойынша Австриялық стипендияға үміткер бола алады.1 семестр/жылға арналған гранттар, зерттеу гранттары.
Ұзақтығы:
1-9 ай
Гранттың ай сайынғы мөлшері:
Қосымша грант, өз қаражаты талап етеді
магистратура түлектер үшін: 1050 ЕВРО
докторлық дәрежесі бар түлектер үшін: 1150 ЕВРО
Тұрғын жай, медициналық сақтандыру
Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар жіберіледі
Австрия шегінен тыс докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар;
Академиялық мансап мақсатында ғылыми қызметін Австрияда жалғастырғысы келетін және 2018 жылғы 30 қыркүйектен кейін оқуын (Австриядан тыс университетте) аяқтаған докторанттар мен ғылым докторлары;
Австриядан тыс университетте оқытушы болып жұмыс істейтін докторантура түлектері.
Жас шектеуі: 35 жас (1984 жылы 1 қазанда немесе одан кейін туылғандар).
Тілдік біліктілік: ағылшын және / немесе неміс тілдерін өте жақсы білу.
Стипендия тек стипендиялық кезең көлемінде аяқталатын жобалар үшін ғана беріледі (ең көбі 9 ай).
Толық ақпаратты академиялық ұтқырлық және халықаралық білім беру бағдарламалары орталығынан алуға болады, бас ғимарат, 36 кабинет немесе нөмір бойынша (+7 727 264 19 95; +7 747 288 76 71).
Қызылбек Нұрсұлтан
Академиялық ұтқырлық және халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының маманы.