/* /*

Университет қашықтықтан білім беруге көшті

«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
...
«Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығы
Кафедра тарихы Кафедра тынысы МЖӘ профильдері PPP

Кафедра университеттің алғашқы ашылған жалпы университеттік кафедраларының бірі болып табылады. «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының тарихы Қазақ ауылшаруашылық институтында 1936 жылдан бастап жұмыс істеген марксизм-ленинизм негіздері кафедрасынан бастау алады. 1952-1959 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін доцент С.Т. Жусіпбеков атқарған. 1959 жылы кафедра КОКП және философия тарихы болып қайта құрылады, 1959-1973 жылдарда кафедраға доцент Ф.Н. Молдабаев жетекшілік етсе, ал 1973-1983 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін профессор Ж.И. Ибраев атқарған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының марксистік-лениндік философия және ғылыми коммунизм кафедрасы 1968 жылы құрылған. Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Г.Н.Соскин, ал 1985 жылға дейін –доцент Ж.Ж. Молдабеков, 1989 ж. наурызынан 1996 ж. дейін ф.ғ.к. К.М. Мұхамбеталиев болды.

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының КПСС тарихы кафедрасы 1968 ж. жеке кафедра болып ашылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Ұлы Отан соғысының ардагері доцент К.И.Сафранков болды. 1973 жылдан 1987 жылға дейінгі кафедра меңгерушілері: проф. ҚР Ғылым академиясының академигі М.К.Қозыбаев, проф.А.С.Құрманбаев, доцент ҚР Ғыл.академиясының корр-мүшесі Т.С.Садыков, тарих ғыл. кандид. М.В.Сивенок болған.

1996 жылы екі жоғарғы оқу орындары: Қазақ ауылшаруашылық институты мен Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып біріктірілді. Университетте «Қазақстан тарихы» және «Философия» кафедралары құрылды. «Қазақстан тарихы» кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ж. Абдиров, «Философия» кафедрасын философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Әлиев басқарды. 1999 жылы кафедра «Тарих, философия және саясаттану» кафедрасы болып қайта құрылып, 2002 жылға дейін аталған кафедраға философия ғылымдарының кандидаты, доцент Х.К. Ахметов жетекшілік етті.

Атауы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» болып өзгертілген кафедраны 2002 жылдан 2004 жылға дейін әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т. Әбжалиева, 2004-2006 жылдарда тарих ғылымдарының кандидаты Қ.К. Кенжебеков басқарды. 2006 жылдан 2008 жылдар арасында кафедра меңгерушісі қызметін әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.А. Әбішев атқарды.

«Қоғамдық пәндер» кафедрасы «Тарих және саясаттану» және «Философия және әлеуметтану» кафедраларының бірігуі нәтижесінде 2008 жылы қыркүйекте құрылды. Кафедраны осы жылдан 2017 жылдар аралығында саяси ғылымдар докторы, профессор С.М. Борбасов басқарды.

2017 жылы кафедраның құрылымдық және кадрлық саласында болған өзгерістерге байланысты кафедра атауы «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» деп өзгертілді. 2017- 2020 оқу жылдарында

кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Д.И. Салқынбек басқарды.

2020 жылдың 23 қазанында Үкіметтің № 707 қаулысымен жоғары оқу орнына «ұлттық зерттеу университеті» мәртебесі берілді. 2020 оқу жылының басынан бастап кафедраны т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ақтамбердиева Зауре Салкеевна басқарады. Кафедрада 2 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты және 6 аға оқытушы жұмыс істейді.

Кафедра оқытушыларының мақсаты студенттерге сапалы білім беріп оқытумен қатар саналы тәрбие беруді қамтамасыз ету болып табылады. "Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті" кафедрасы бүкіл университет сияқты, элиталық білім беруді, яғни қоғам үшін бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды дайындауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі жоғары оқу орындарына жоғары талаптар қояды: кафедраның алдағы жылдарға арналған басты мақсаты мен міндеті Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің дамуына белсене қатысу болып табылады. Осыған байланысты "Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті" кафедрасының миссиясы - ҚазҰАЗУ студенттерінің заманауи білім беру стандарттарына жауап беретін гуманитарлық дайындық деңгейін қамтамасыз ету, бұл түлектерге барлық қызмет салаларында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Кафедра университеттің ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесіне енуі тиіс.

Кафедраның стратегиялық жоспарында келесі негізгі бағыттарды атап өтуге болады: нарық заманында қолданбалы ғылыми зерттеулерді , ұстанымды нығайтуға; Қазақстанның жетекші университеттерімен, зерттеу институттарымен және орталықтарымен консорциумдар мен одақтарға кіру қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
Кафедраның мекен-жайы