«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС»

Қауіпсіздік
БІЛІМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!
Пайдалы сілтемелер және құжаттар
Заңдар, ережелер, ережелер, бұйрықтар, ресурстар ...
ТІРКЕМЕ .

Құрметті білім алушылар, оқытушылар және қызметкерлер, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»  КЕАҚ Комплаенс-офицері парақшасына қош келдіңіздер!

         Комплаенс-офицер университет қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ ЖОО ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүзеге асырады.

         Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету және  университеттің ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады, сол арқылы барлық білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлер арасында ең үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясатқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтық, адалдық қағидаттары қамтамасыз етіледі.        

         Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына (1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы), Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ашықтық және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 174 бұйрығы), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қолданыстағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.        

         Егер сіз университет қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, Сіз бұл туралы Комплаенс-офицерге келесі байланыс көздері арқылы хабарлай аласыз:

         - +7 (707) 55-755-80 мобильдік нөміріне; немесе

         - Telegram арқылы осы нөмірге;

         - электрондық поштаға: compliance@kaznaru.edu.kz
 

         Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша әр сәрсенбі күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

         Қызметтік кабинет-31 (бас ғимарат).

         Құпиялылық пен жасырындыққа толық кепілдік беріледі.