Жоба туралы жалпы ақпарат
Оқиға
Нәтижелер
Галерея
Жобаның мақсаты - өмір бойы оқыту арқылы өнеркәсіп және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде жоғары оқу орындарының рөлін күшейту, серіктес-елдерде ұлттық "жасыл саясатты" қолдау және "жасыл мәдениетті" ілгерілету болып табылады.
Жобаның міндеттері болып әр түрлі мақсатты топтар мен біліктілік деңгейлеріне жасыл дағдыларды ынталандыру үшін модульдерді әзірлеу; білім беру ресурстарының ашылуына нысаналы топтардың қол жеткізуін қамтамасыз ету және жақсарту; оқытушылық құрамына білім беру арқылы жасыл мәдениетті жақсарту және жалғастыру, оқыту арқылы сыртқы мүдделі тараптарды және мемлекеттік әкімшілігінің талаптарын арттыру; маңызы бар қаланың "жасыл дағдыларын", білім және еңбек қызметін жақсарту болып табылады. Жобаның үйлестірушісі - Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Штефан Игнар.
Бұл жобаға Қазақстандық 6 жоғарғы оқу орындары: Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Атырау мемлекеттік университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеттері қатысады. Қазақ ұлттық аграрлық университеті Қазақстан тарапынан жобаның үйлестірушісі болып табылады.
http://www.susdev.confer.uj.edu.pl/start
Мезгілі | Іс – шаралар |
Наурыз, 2019 | Жобаны бақылау жұмысы, Алматы қаласы |
Ақпан, 2019 | Жер ресурстарын басқару бағыты бойынша оқу сапары, Корольдік технологиялық институты, Швеция |
Ақпан, 2019 | Тағам өндірісі бағыты бойынша кездесу, |
Қаңтар, 2019 | Тағам өндірісі бағыты бойынша Web – кездесу |
Желтоқсан, 2018 | Тараз қаласында SUSDEV жобасының жергілікті семинары, тренинг, негізгі жұмыс тобы Қазақстандық стейкхолдерлері |
Қараша, 2018 | Экология бағыты бойынша кезедесу, Саратов қаласы |
Қараша, 2018 | Жобаны бақылау жұмысы, Омск қаласы |
Қараша, 2018 | Жер ресурстарын басқару бағыты бойынша кездесу, Тула қаласы |
Қараша, 2018 | Вена қаласындағы кездесу |
Қазан, 2018 | Erasmus жобалары жетістіктерінің көрмесі, Астана қаласы, Қазақстан |
Маусым, 2018 | Коимбра каласындағы әріптестердің кездесуі: тренинг, негізгі жұмыс тобы стейкхолдерлер, бағыт бойынша курс модульдері бойынша шешімдер |
Маусым, 2018 | «Жасыл экономикадағы орман секторы» 5-ші халықаралық жазғы мектебі, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің Щучинсктегі кампусы |
Мамыр, 2018 | Аралық техникалық есебін өткізу |
Мамыр, 2018 | Қазақстандағы Erasmus + жобаларының кластерлік кездесуі |
Сәуір, 2018 | Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі , Тараз қаласы |
Наурыз, 2018 | Венадағы кездесу |
Қаңтар, 2018 | Тағам өндірісі бағыты бойынша Web – кездесу |
Желтоқсан, 2017 | Тағам өндірісі бағыты кездесу, Мәскеу қаласы |
Желтоқсан, 2017 | Әріптестер кездесуі, Мәскеу қаласы |
Желтоқсан, 2017 | «Ресейдің экологиялық саясаты: тұрақты дамудың веторы» атты Халықаралық конференция, SUSDEV бойынша таныстырылым (презентация), Мәскеу |
Қазан, 2017 | Алматы қаласында әріптестердің кездесуі, Қазақстандағы Erasmus Ұлттық кеңсесі жағынан бақылау жүргізу |
Маусым, 2017 | Басқарушы комитетінің тікелей желі бойынша отырысы |
Мамыр, 2017 | Әріптестік келісімге қол қою |
Сәуір, 2017 | Әріптестер кездесуі, Дублин қаласы |
Сәуір, 2017 | Саратов қаласындағы бақылау |
Сәуір, 2017 | Жобаның презентациясы, Гавр қаласы (конференция EURASHE) |
Ақпан, 2017 | Тағам өндірісі бағыты бойынша Web – кездесу |
Ақпан, 2017 | Жобаға логотип таңдау |
Қаңтар, 2017 | Мәскеудегі бастапқы кезедсу |
Декабрь, 2016 | Келісімшартқа қол қою |
Август, 2016 | Жобаны бекіту |
Февраль, 2016 | Жобаны тапсыру |
Байланыстар
Мекенжайымыз:

Қазақстан, 050010 Алматы қ., Абай к-сі, 8
Дс-Жм 9 00-ден 17 00-ге дейін.