Орталық туралы
Медиа жоспар
Жобалар
Ынтымақтастық
БАҚ
Мұражай
Орталық құру, оның мақсаты, міндеттері, қызметтің негізгі бағыттары
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен іске асыру барысында белсенділік танытып, оның тиімділігін нақты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың тамыз айында Университет жанынан «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығын ашты.
Бұл орталық – «Н.Назарбаев білім-ғылым басқармасының» құрылымдық бөлімі болып табылады. Орталықтың басты бағыты Университет басшылығының саясатына сай, аталған Институтпен, «Қазақстан тарихы және Қазақстан халқының мәдениеті» кафедрасымен, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен тығыз әріптестік байланыста жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Ал негізгі міндеттері Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талдау, насихаттау, қорытынды шығарудың жолдарын зерттеу және сараптаумен бірге жаңа Қазақстан құру моделін жүзеге асыруға ғылыми тұрғыда атсалысу. Сонымен қатар Орталық өз міндет-мақсаты мен Университеттің бағыт-ұстанымына сәйкес ғылыми бағдарламалар мен жобалар түзіп, оны республикалық, халықаралық ұйымдармен әріптестікте жүзеге асыру үшін және ұжымның заманауи әлеуетін көтеру мен техникалық біліктілігін арттыру мақсатында түрлі шаралар атқарады.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
Орталық жетекшіні қоса алғанда үш қызметкерден тұрады. Орталықты тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның академигі Х.М. Әбжанов басқарады.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс-шаралар ұйымдастыру;
- ҚазҰАУ студенттері мен Алматы қаласы және өңірлердегі білім мекемелерінде «Рухани жаңғыруды» насихаттап, идеясын жүзеге асыру;
- «Рухани жаңғыру» идеяларын БАҚ-та насихаттау;
- «Рухани жаңғыру» шеңберінде ғылыми баяндамалар мен мақалалар жариялау;
- Мүдделес ұйым өкілдерімен тәжірибе алмасу;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін отырыстар мен кездесулерге, жиналыстарға Орталық қызметкерлерінің ҚазҰАУ-дің өкілдері және эксперті ретінде қатысуы;
Орталық жетекшіні қоса алғанда үш қызметкерден тұрады. Орталықты тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның академигі Х.М. Әбжанов басқарады.
Мекенжайымыз:

Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8, корпус 1а, кабинет 20
ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.