Erasmus+ IMPROvE_AGRO

...
...

Жоба туралы жалпы ақпарат Жобаның постері
 
 

Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационализациялау

 

Бағдарлама: Erasmus+

Key action: Инновация саласындағы ынтымақтастық және үздік тәжірибелермен алмасу

Action: Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру (CBHE)

Action Type: Бірлескен жобалар. Оқу бағдарламаларын әзірлеу

Жоба атауы: Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационализациялау - IMPROvE _AGRO

Жоба нөмірі: 609563-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP

Жобаның іске асырылу мерзімі: 15.01.2020-14.01.2023

 

Жоба мақсаты:

· ЕО сапалық стандарттарына келтіру арқылы магистрлік бағдарламаларды интернационализациялау мүмкіндігін кеңейте отырып Қазақстан, Моңғолия және Ресей қоғамдарының модернизациялануы мен интернационализациялануына үлес қосу, ағылшын тілін оқыту тілі (English Medium Instruction-EMI) ретінде енгізу, сондай-ақ аралас оқыту форматын (Blended learning) енгізу;

· ауыл және орман шаруашылығы үшін мамандар даярлайтын Азия және Еуропалық университеттер арасында студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығына ықпал ету;

· жоғары білім берудің қолжетімділігін, әсіресе аса осал топтар үшін қолжетімділігін, арттыру;

· бірлескен дәрежелердің дамуына ықпал ету (қос / бірнеше диплом).

 

Жобада қабылданған негізгі тәсіл ауыл және орман шаруашылығы мамандарын дайындауға бағытталған білім беру пәндері аясында негізгі модульдерді әзірлеу және модернизациялау болып табылады, бұл барлық еуропалық емес серіктестер үшін жалпы аймақтық басымдық болып табылады. Осылайша, жоба Қазақстан, Монғолия және Ресей арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ осы елдер мен ЕО арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа келешегін құруға бағытталған, бұл өз кезегінде жоғары білім берудің ұлттық жүйесінің жалпы реформасына ықпал етеді.

 

Жобаның міндеттері:

 

1. Магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру үшін жаңа модель әзірлеу.

2. Қызметкерлерді қайта даярлау және оқу ресурстарын модернизациялау есебінен жоғары оқу орындарында білім беру мүмкіндіктерін кеңейту.

3. Халықаралық деңгейдегі оқу ресурстарына қолжетімділікті жақсарту үшін магистранттар үшін мультитілдік электрондық білім беру мүмкіндігін құру.

4. ЕО сапалық стандарттарына сәйкес және аралас оқыту форматында ағылшын тілінде (EMI) білім берілетін ЕО серіктес елдеріндегі жоғары оқу орындарының магистрлік оқу бағдарламаларына жаңа модульдерді әзірлеу және енгізу.

5. Халықаралық академиялық ұтқырлықты арттыру арқылы интернационалдандыру үшін әлеует құру.

 

Консорциум:

 

ЕО-бағдарлама елдерінің жоғары оқу орындары

 

1. Педагогикалық университет, Фрайбург қ., Германия (жоба үйлестірушісі және ЕО субконтракторы)

2. Астон университеті, Бирмингем қ., Ұлыбритания

3. Аристоте атындағы университет, Салоники қ., Греция

 

РФ-бағдарламаның серіктес елдерінің жоғары оқу орындары

 

4. Тюмень мемлекеттік университеті, Тюмень қ., РФ (ЕО серіктес елдерінен консорциум үйлестірушісі)

5. Алтай мемлекеттік аграрлық университеті, Барнаул қ., РФ

6. Красноярск мемлекеттік аграрлық университеті, Красноярск қ., РФ

 

ҚР-бағдарламаның серіктес-елдерінің жоғары оқу орындары

 

7. Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ., Қазақстан

8. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ., Қазақстан

9. Моңғолия Ұлттық университеті, Улан-Батор қ., Моңғолия

10. Монғол жаратылыстану ғылымдары университеті, Улан-Батор қ., Моңғолия

 

Қауымдасқан серіктестер

 

11. «Молекулалық және жасушалық биоинженерия орталығы» ЖШҚ, Тюмень қ., РФ

12. Тобыл кешенді ғылыми станциясы, Тобольск қ., РФ
 

«Еуропалық комиссияның осы жарияланымның шығарылуына қолдау көрсетуі мазмұнына деген жауапкершілікті білдірмейді, бұл басылым авторлардың ғана пікірін көрсетеді, сонымен қатар Комиссия мұндағы ақпараттың кез келген уақытта пайдаланылғаны үшін жауапты емес».

 
Мекен-жайымыз:
Қазақстан, 050010 Алматы қ., Абай к-сі, 8 (Стратегиялық Даму Басқармасы) Дс-Жм 9 00-ден 17 00-ге дейін.