Әбу Насыр Әл - Фараби – қазақ даласының ұлы данасы. біз ол туралы не білеміз? - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1937 Статистика

Әбу Насыр Әл - Фараби – қазақ даласының ұлы данасы. біз ол туралы не білеміз?

№1 «Болашақ» студенттер үйінде «Әл-Фараби, біз ұлы ғалым туралы не білеміз»? атты интерактивті тарихи-танымдылық іс- шара өтті. Студентерге әл-Фараби туралы, математикалық, физикалық есептер және логикалық сұрақтар қойылды.

Мақсаты - ғалымның өмірбаянын, өмір жолын негізге ала отырып студенттерді өмір бойы өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге үйрету.

Отырарда Васидж елді мекенінде шамамен 870 ж әл-Фараби дүниеге келді.  Толық аты Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат Турки. 20 жасқа дейін әл Фараби Отырарда тұрды, Ұлы Жібек жолында орналасқан қаладан өткен керуенші-саудагерлер тауарлары ішіндегі ең құндысы ол үшін кітаптар болды, ол–Отрар кітапханасының негізін қалаушысы. Білімге құштар әл-Фараби мүмкіндігінше көп білуге тырысты. Әл-Фараби алдымен көршілес, түркі, парсы-тәжік тілдес елдерді аралайды. Сол кездегі ғылым мен мәдениет орны болған: Талас, Шаш, Самарқан, Бұқара, Үргеніш, Хиуа, Мерв, Термез, Қабул, Исфахан, Каспий теңізін жағалап, Кавказ арқылы жүріп: Тебриз, Баку, Тбилисиде болды. Нәтижесі - сол елдердің мәдениетін, ғылымдағы жетістіктерін зерттеп, тілдерін меңгереді. (Ғылыми еңбектерді түп нұсқа тілінде зерттеу керек). 

Білімге деген құштарлығы оны Бұхараға алып келді, онда ол оқып, қазы болып жұмыс істейді. Бірақ Аристотельдің еңбектерімен танысу оның өмір жолын түбегейлі өзгертеді, мысалы, «Жан туралы» трактатын 200 рет оқып, жатқа білген. 40 жасында әл-Фараби араб әлемінің ғылым орталығы - Бағдатқа барып, онда ежелгі грек және араб тілдерін үйренді. Түркияға атақты дәрігер Гарранмен кездесу үшін барды, ол Мысырда да болды.

Әл - Фараби тез арада өз заманының жетекші зиялысына айналады, халифаттың бәріне танымал болады. Талант пен атақ - қызғанышпен тығыз байланыста, сондықтан оны Бағдаттан Дамаскіге көшуге мәжбүр қылады. Өмірінің соңында әл-Фараби қиындықтарға–материалдық тап болды. Дамаск билеушісі оны өзінің сарайына шақырды, алайда бұл рөл философ үшін бөтен еді, ол бостандықты таңдады. (Ғылыммен айналысам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік –жігері зор, тілек мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт - әл-Фараби).
 

Әл–Фараби бақша күзетшісі болып жұмыс істеп, ақшасының барлығын майшамға жұмсайтын: ол еңбектерін түнде жазатын еді, мысалы, «Ізгі қала туралы» атты әйгілі туындысы осылай жазылды. Бұнда әл - Фараби бәрін дерлік қарастырды - қаланың орналасуынан бастап, оның архитектурасы, салық жүйесі мен сот жүйесіне дейін. Идеалды қаланы данагой ақсақалдар басқаруы керек - олар әр саланың ең мықтылары, ең дарындылары және силы адамдары. Осы басқару элитасы білім мен ғылымды ойлау арқылы табады және тұжырымдайды, олар көркем образдардың, ақындық сөздердің көмегімен азаматтарды тәрбиелейді, адамгершілігін қалыптастырады.
(Ақылды қала – Smart Sity).

Әл - Фараби егер адам ақылға сүйеніп, ақыл-ойды үнемі дамытып отырса, идеалды қоғам құра  алады деп сенді. (Өмір бойы өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру). Әл-Фараби армандаған идеалды әлем - бұл білім тереңдігін түсініп, болмыстың азғыруынан, материалдық құндылықтан бас тартқан адам басқаратын әлем. Оның пайымдауынша, әр адам туғаннан бастап ізгілікке бейім, ал әрбір мұғалім-тәлімгердің мақсаты шәкірт бойындағы осы қасиетті ашу және дамыту.

«Ғылымдардың классификациясы туралы сөз» трактатында өзінің білім теориясының негізгі ұстанымдарын атады. Ғалым бұл жүйені жоғары білімнің негізі ретінде ұсынды. Оның пікірінше, ғылымдардың шыңында тіл білімі - жазу, оқу және поэтика, одан кейін логика, математика, физика, метафизика және саясат. Әл-Фараби музыканың ерекше  теориясын жасады, оның өзі де өнерпаз, ақын, әнші болатын. Фарабидің парсы тілінде жазған өлеңдері-рубаиы бар. Ғалымның қайтыс болған жері - Дамаск (Шам), 950ж.

Әл-Фарабидің білімі әмбебап:: филология – «Көркем жазу кітабы», «Сөздіктер туралы», «Өлеңдер мен риторика кітабы», «Әріптер мен айтылымдар туралы»; математика-«Геометриялық сызбаларға  нұсқаулық»; астрономия-«Жұлдыздардың әлеміндегі сенімділік және сенімсіздігі туралы трактат»; жаратылыстану ғылымдары- «Жануарлардың мүшелері туралы» , «Адам ағзалары туралы», «Химия өнерінің қажеттілігі туралы», «Физика ғылымының элементтері туралы жоғары пайымдау кітабы», «Бос орын туралы сөз» - (вакуум туралы бірінші еңбек). Танымал еңбегі - Даналық маржандары.

Әл-Фарабидің еңбектері 100-ден астам трактаттар - ортағасырлық философиясының негізін құрады.   Ұлы философтың жетістіктері, әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесі - Қазақстанның мақтанышы!

        
ІТ-технологиялар және автоматтандыру
кафедрасының профессоры Сакипова Ш.Е.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты